Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бассейнге қарасты балық шаруашылық су айдындарында наурыз-мамыр айлары бойы «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясын тұрақты түрде өткізуде.

Акцияның мақсаты — балық ресурстарының және басқа су жануарларының қолайлы уылдырық шашуын қамтамасыз ету үшін Қапшағай су қоймасының акваториясын қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдарынан тазарту. Сонымен қатар су айдынының жағасындағы табиғат пайдаланушылардың қалдырып кеткен қатты қоқыс қалдықтарын да жинау шаралары кең ауқымда жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап инспекция мамандары Қонаев қаласының әкімдігінің қолдауымен, балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметінің қызметкерлерін, «Қайықтар шебері» қоғамдық ұйымының еріктілерін, «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті, Алматы облысының көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерін тарта отырып, «Таза су айдындары» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізді.

Акцияға жалпы 110 адам қатысты, сондай-ақ 50-ден астам жүзу құралдары мен 25 автокөлік жұмылдырылды. Қапшағай су қоймасының жыл бойы балық аулауға тыйым салынған аймағын және балық шаруашылық телімдерін тралдау барысында су айдынынан қолдануға тыйым салынған 250 балық аулау құралдары алынып, су айдынының жағасынан 1,5 тонна қоқыс қалдықтары жиналып, әрі қарай жою үшін қалалық полигонға жөнелтілді.

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы акцияның барлық қатысушыларына су қоймаларымыздың биологиялық ресурстарын сақтау бойынша белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіреді!

Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы А.Хабдай

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke