Воскресенье, 23 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматыдағы жоғары білім

 Жоғары білім дегеніміз — орта білімді толықтай меңгергеннен кейін жоғары оқу орындарында жүргізілетін және оқу біткеннен кейін оны дипломмен растайтын кәсіби біліктілік дәрежесі болып табылады. Жоғары білім — жоғары оқу орындарында (университеттер, академиялар, институттар) жүзеге асырылатын білім беру процесі.

 Жоғары білім бізде бірнеше мақсаттарға бағытталған, олар: кәсіби білім мен дағдыларды қалыптастыру, яғни жоғары оқу орындары студенттерге белгілі бір мамандық бойынша терең теориялық білім және практикалық дағдылар беруі; ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруы және жаңа білімді игеруге және инновацияларды дамытуға ықпал етуі; сонымен қатар студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, олардың жалпы мәдени және әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыруы жатады.

 Қазіргі таңда,  жоғары білім беру сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Болон процесіне қосылды. Бұл процестің аясында жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі енгізілді, академиялық ұтқырлық пен ғылыми зерттеулер дамытылуда. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары арасында рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуде.

 Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы елдің жоғары білім беру орталығы болып табылады. Бұл қарқынды дамып келе жатқан қалада беделді университеттер мен институттар өз жұмысын әлі күнге дейін жалғастыруда, олар Қазақстанның және шетелдің студенттерін тартады. 

 Жалпы алғанда, Алматыда жоғары оқу орындары 30 ға жуық. Оның ішіне университеттер, академия мен институттар кіреді.

 Онымен қоса, Алматы, жоғары оқу жөнінде көптеген халықаралық байланыстарды ұстанады. Мысалға, шетелдік АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей елдерімен  серіктестік ынтымақтастықтарын айта аламыз. Олар бізде бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларды, студенттер алмасу бағдарламаларын іске асырады. Сонымен қатар Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамытуға және жетілдіруге үлес қосады.

 Алматының жоғары білім берудегі заманауи үрдістер онлайн-білім беруді дамытуды және инновациялық білім беру технологияларын енгізуді қамтиды. Алайда, барлық жерде сияқты, жоғары білім беру жүйесі бірқатар қиындықтарға тап болады: жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында жоғары бәсекелестікке тап болады; беделді университеттердің болуына қарамастан, білім сапасы мәселесі өзекті болып қала береді; көптеген студенттер үшін университеттерде оқу ақысы жоғары болып қалады. Дегенімен, бұл қиындықтарға әртүрлі шешім табылып жатыр. Олар: оқу бағдарламаларының үнемі жаңартылып отыруы, оқытушылардың біліктілігі арттырылуы, әртүрлі гранттар мен стипендиялар сияқты мүмкіндіктер қарастырылуда. 

 Қорытындылай келе, Алматы Қазақстанның академиялық үздік орталығы деп есептеледі, өйткені ол әртүрлі салаларда сапалы жоғары білім алу үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.

Макулбекова С.Ж.

Жоламанов Е.М.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke