Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Демалыс аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

«Қонаев қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-нің тізімінде 60 демалыс базалары тіркелген, демалыс орындары Қапшағай суқоймасының қалалық жағажайында, солтүстік және оңтүстік-батыс жағажайына жақын аймақтарында орналасқан. Атап айтылған 60 демалыс базаларының кәсіпкерлік субъектілері басқарма қадағалауында, яғни тіркеуде тұрған нысандар, бұл объектілерден басқа тіркеусіз және рұқсат құжаттарсыз жұмыс жасап тұрған және демалушыларға өз қызметін көрсетіп жатқан нысандар да бар.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 220 бұйрығының 37-тармақшасына сәйкес, базалар және демалыс орындары эпидемиялық маңызы жоғары объектілер ретінде айқындалған.

Осыған байланысты, объектінің қызметі басталғанға дейін кәсіпкерлік субъектісі объектінің нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Ол үшін субъект «электрондық лицензиялау» порталы арқылы зертханалық-аспаптық зерттеулердің хаттамаларын қоса отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға өтініш беруі қажет.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер хаттамаларының электрондық көшірмесі қоса беріледі.

Өтініш келіп түскеннен кейін, екі жұмыс күні көлемінде құжаттардың толықтылығы тексеріледі және зертханалық-аспаптық зерттеулердің хаттамалары сай болған жағдайда Бақылау басқарманың мамандары өтініш жіберген объектіге профилактикалық қадағалау тексерісіне шығады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, өтініш түскен күннен бастап санағанда 10 жұмыс күні ішінде беріледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны»электрондық лицензиялау» порталындағы жеке кабинеттен электрондық форматта алуға болады.

Шомылу маусымының ашылуы басталар алдында субъект мынадай дайындық іс-шараларын жүргізуі тиіс, атап айтқанда, ғимараттарды, аумақты, бассейнді күрделі немесе ағымдағы жөндеуден өткізуді, істен шыққан жабдықтарды ауыстыруды, қызметкерлерді жұмысқа алғанда гигиеналық оқытуы мен жұмысқа рұқсаттары бар медициналық кітапшалармен қабылданады.

Орталықтандырылған кәріз жүйесінен сарқынды суларды ағызу үшін арнайы бетон септикін орнатуға, сарқынды суларды әкету жөніндегі арнайы ұйымдармен шарт жасасуға тиіс, қатты тұрмыстық қалдықтар уақытымен шығарылуы қажет және демалыс базаларынын қарамағындағы жағажай құмын рекультивация жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Рекультивация дегеніміз -бұл суық кезеңнен кейін құмды пайдалануға және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту үшін оның табиғи қасиеттерін қалпына келтіру үшін жасалынатын жұмыстар.

Қазіргі таңда Қонаев қаласыныңда орналасқан демалыс базаларының басым бөлігі бассейндермен жабдықталған, соған орай қойылған санитарлық талаптарды қатаң түрде ұстану қажет және  ішкі жұмысын қадағалау мақсатында акредиттелген зертханамен өндірістік бақылауға келісім шарт жасап жұмыс істеуі тиіс.

Қонаев қаласының санитариялық -эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жыл сайын мамыр айынан қыркүйек айына дейін 1-ші және 2-ші санаттағы су айдындарына санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық және вирусологиялық зерттеулерге және микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштерге топырақ үлгілеріне мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күнге дейін зертханада тексерілген су және топырақ үлгілерінің қорытынды нәтижесі санитариялық қағида талаптарына сай .

«Қонаев қаласының СЭББ»
РММ бас маманы
Р.Таттыбекова

 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke