Четверг, 4 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

ҚазҰУ – жоғары мүмкіндіктер ордасы

Жаhандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болатын мамандарды даярлау өте маңызды. Осы бағытқа қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында ұлттық экономиканың салаларын терең өңдеуге көшу бағыттарын дамытуға, экономикалық, әлеуметтік, білім, тәрбие, ғылым, экология, демографиялық, өнеркәсіп т.б. мәселелерді шешу бағытын қамтыған болатын. Президент жолдауында көтерілген мәселелер Тұрақты даму мақсаттарының барлық 17  бағытын қамтыды.

Жолдауда көрсетілген жоғары оқу орындарындағы білім сапасын әлемдік деңгейге сай жетілдіру қажеттілігін өмірдің өзі талап еткенін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз білім саласында инновация жетістіктерін кеңінен пайдалануға  байланысты екенін атап өткен. Осы тұста, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінде Қазақстанда ғана емес, шетелдік университеттер қатарында да бәсекеге қабілетті екенін мойындатып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – білім мен ғылымның ірі орталығы, жоғары білім беруде көш бастайтын жоғары оқу орны. Еліміздің білім деңгейі, ғылым саласы, қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, 90 жылдық тарихы бар – қара шаңырақ. Негізі қалағаннан бері әртүрлі жоғары белестерді бағындырып, қазіргі таңда әлемдік оқу орындарының арасында өз дәрежесін нық орнықтырған. Университетіміз QS World University Rankings 2025 халықаралық рейтингінде әлемдегі топ-200 ЖОО қатарына қосылды. Биыл университет 67 позицияға жоғарылап, 230-орыннан 163-орынға көтерілді. 

Университетте лайықты дәрежеде білім алуға тырысатын әр студент үшін керемет мүмкіндіктер жасалған. Университетте әл-Фараби атындағы ең үлкен және ең бай кітапхана орналасқан. Әбу Насыр әл-Фараби музейі кітапхананың әрбір қонағы үшін ашық. Қазақ ұлттық университеті өзінің студенттері мен жас ғалымдарына жайлы жатақханалар ұсынатын студенттер қалашығы да бар.

Тұрақы даму мақсаттарының бірі – сапалы білім беру. Осы мақсатта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика кафедрасында нарықтағы цифрлық трансформациялар мен цифрландыру үдерістерінің кеңінен таралуы, жасанды интеллекттің қолданылуын ескеретін «Цифрлық экономика» жаңа білім беру бағдарламасын атап өтуге болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі факультетіндегі «Экономика», «Цифрлық экономика» білім беру бағдарламалары тек сапалы білім берумен ғана шектелмейді, болашаққа сенімді қадамдар жасауға мүмкіндіктер туғызады деп есептейміз.

Сондықтан, мектептен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы отырған жастар үздік оқытушылардан білім алып, жоғары дәрежелі маман боламын десе және студенттік өмірлерінің қызықты сәттері мен ұмытылмас шақтарға толы болғанын қаласа, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізгісі келсе, ол үшін бірден-бір білім ордасы – ҚазҰУ. Бұл оқу орнын бітірген жас маманның өз ісінің нағыз білгірі болып қалыптасатыны сөзсіз.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Андабаева Г.К., э.ғ.к., доцент
Кольканат Абылайхан, «6В04103-Экономика» БББ 2 курс студенті

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke