Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қонаевтағы көпсалалы колледжде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

Қонаев қаласы Сейфуллин көшесінде орналасқан көпсалалы колледж бұдан 40 жыл бұрын Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен қаладағы іргелі кәсіпорынның бірінен саналған  фарфор зауытына жұмысшылар дайындау мақсатында ашылған. Бүгінде колледжде «Тамақтандыруды ұйымдастыру»,  «Дәнекерлеу ісі», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киімді модельдеу», «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары оқытылуда. Биыл бұл кәсіптік білім беру орнын аталған мамандықтар бойынша 6 топтан 150-ден астам түлек тәмамдады.  Осыған орай «Сәт-сапар, жас маман» атты бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты шара өз өмірлеріндегі қимас та ұмытылмас, толқынысқа толы сәтті бастан өткеріп, түрлі мамандық иесі атанып тұрған түлектер мен оларға  дәріс берген Саида Шалабаева, Ерғали Нұрғалиев, Бағлан Ахмадиев, Ришат Абышев, Назгул Хасенова, Айнұр Нұрқалымова  сынды өндірістік оқыту шеберлерін таныстырудан басталды.

Еліміздің Мемлекеттік Гимні шырқалған соң алғашқы сөз кезегін алған колледж директоры Нұрсұлтан Баймұханбетов 3 жыл оқып, мамандық иесі атанып атанып,  үлкен қадам басқан түлектерді құттықтап, келешекте әр саланың мықты маманы болып, еліміздің мақтанышына айналатындай дәрежеге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Колледж директорының оқыту және өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Әлима Қадырова мемлекеттік емтиханның қортындысы туралы бұйрықпен  таныстырғаннан кейін Нұрсұлтан Нұрланұлы жүректері лүпіл қағып, көңілдерін шаттық кернеген түлектерге біліктілік санатын айқындайтын диплом табыстады. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттер  Алғыс хатпен марапатталды.

Ата-аналар атынан сөз алған Гулнира Тумбаева толқынысқа толы сәтті бастарынан өткеріп, болашаққа  қанат қаққалы тұрған түлектердің  өмірдің жаңа белесінің алғашқы қадамын аттағалы тұрған қадамына құтты болсын айтып,  ақжарма тілегін арнады. Одан кейін үздік дипломға ие болып, толқынысқа толы сәтті бастан өткерріп тұрған Максим  Устинов сөз алып, білім алып, азамат боп қалыптасуларына  жағдай жасап мамандық меңгеруіне жағдай жасап,  өлшеусіз еңбек сіңірген колледждің ұстаздар қауымы мен ата-аналарға барша түлектер атынан алғыс айтты.

Биылғы түлектердің алтауы үздік диплом иегері атанды. Олар – Серік Мұратбек,  Руслан,Алексеенко, Әмина Әлпиева, Жанел Жомарт, Максим Устинов,  Елизавета Пальчикова.  Сондай-ақ, колледж бітірушілер  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, жастар ресурстық орталығы, «AMANAT» партиясы және тағы басқа мекемелер мен ұйымдардың мұрындық болуымен  өткен түрлі шаралар мен акцияларға белсене қатысты. Осы орайда қоғамдық жұмыстарға атсалысқан бірқатар студенттердің облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғанын атап өткен жөн.  

Ерлік Кебекбай

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke