Бейсенбі, Сәуір 14, 2022

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Басқада

Жақында Қапшағай қаласы әкімінің қолдауымен, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды, жұмыссыз алимент берешегі бар борышкерлерді, пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті.

Жәрмеңкеде алғашқы сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары М. Жолдахмет жұмыссыз қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бағыттары (оқу курстары, жастар тәжірибесі, мемлекеттік гранттар, қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары) жайлы айтып өтті.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің қатысушылары «Электрондық еңбек биржасы» (www.enbek.kz.) порталымен таныстырылды.

Жәрмеңкеге жұмыссыз азаматтар қатарынан 100-ден астам адам, сонымен қатар пробация қызметі есебінде-3 адам, еңбекке жарамды мүгедектер қатарынан-12,  алимент бойынша борышкерлер қатарынан-2,  29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 22 адам қатысты.

Жәрмеңкеге қатысқан кәсіпорын мен мекемелер тарапынан  300-ден аса жұмыс орындары ұсынылды. Жұмыс ұсынған мекемелер қатарында «Green Land Alatau», «Mareven Food» ЖШС, «LST Market» ЖШС, «Nauryz Agro LTD» ЖШС, «Astoria» ЖШС, «Bombay» ЖШС, Орта мектеп – гимназия, Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия, Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі, Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектебі, №3 орта мектебі, «Гүлдер», «Искорка», «Балауса» балабақшалары, «Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ және тағы басқа ұжымдар болды.

Жәрмеңке барысында 18 адамға тұрақты жұмыс орындарына жолдама берілді.

Р. АХМЕТОВА,

қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры                                                                 

- Advertisement -spot_img
- Advertisement -spot_img

Жаңалықтар