Шеңгелді ауылдық округіндегі №956 сайлау учаскесінде ел ағасы, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Дәнебекұлы Беспаев дауыс беруге келген тұрғындарға ақ батасын берді.
Саналы ғұмырын ұстаздыққа, ел басқару ісіне және қоғамдық жұмыстарға арнаған ақсақал сайлаушыларға амандық, елге бірлік пен береке тілеп, игі ниетін білдірді.
83 жастағы Амангелді Дәнебекұлы бүгінде де қоғамдық өмірге белсене араласып, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты бастамаларға атсалысып келеді.


