Бокстан әлем чемпионы Алматы облысында дауыс берді

Райымбек ауданында Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағандардың қатарында жас спортшы, жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионы Толғанай Қасымхан да бар. Ол №763 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Мен әр жарыста туған елім – Қазақстан Республикасының туын мақтанышпен көтеремін. Сондықтан еліміздің болашағы қандай болатыны мен үшін өте маңызды. Тек спортта ғана емес, сайлауда да алдын ала дайындық қажет. Сол себепті партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен алдын ала таныстым. Бүгін саналы түрде таңдау жасау үшін келдім», – деді Толғанай Қасымхан.
Толғанайдың сайлауға қатысуы – жастардың азаматтық жауапкершілікті сезінетінін және ел өміріне бейжай қарамайтынын көрсетеді. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас чемпионның бұл қадамы қатарластарына үлгі болары сөзсіз.
Айта кетейік, бүгін өңірде 1 042 987 азамат өз таңдауын жасай алады, оның ішінде кәмелет жасына толып, биыл алғаш рет сайлауға қатысу құқығына ие болған 14 104 адам бар.

Алматы облысының ӨКҚ

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke