🌿
Таза қоршаған орта – денсаулықтың, мәдениеттің және жауапкершіліктің айнасы. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және туған жерге жанашырлық таныту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс пен тазаланған аула – еліміздің жарқын болашағына қосылған үлес. Табиғатты аялау – тек бір күндік науқан емес, әр адамның күнделікті дағдысына айналуы тиіс.
Таза ауыл, таза көше, таза өлке – өркениетті қоғамның белгісі. Баршаңызды туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырамыз!
#ТазаҚазақстан #ТазаӨлке #ТазаАуыл #Экология #ТуғанЖер БіргеТазартамыз

