Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің басты заңы, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі.
Конституция қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың теңдігін қамтамасыз етуге, мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайтуға қызмет етеді. Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, оның талаптарын сақтау арқылы елдің тұрақтылығы мен дамуына өз үлесін қосады.
Конституцияны құрметтеу – заңға құрмет, ал заңға құрмет – жарқын болашақтың кепілі.

