Жол қозғалысы

Жол қауіпсіздігі – көп мемлекет үшін әлеуметтік және экономикалық дамуға әсері бар басты мәселелердің бірі. Жыл сайын әлемде жол апаты кесірінен 1,25 миллион адам қаза тауып, 50 миллион адам жарақат алады. Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Ол қозғалыс ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады.
Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі. Жолда жүру ережесін сақтау – баршаның міндеті
Жол-көлік жарақаты құрылымында балалардың қатысуымен болған оқиғалар жетекші орын алады.
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың жол апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Сол себепті балалардың өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke