Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.2019–2026 жылдар аралығындағы негізгі нәтижелер:▪️ Электрондық үкімет. Қазақстан БҰҰ-ның 193 мемлекет арасындағы электрондық үкіметті дамыту индексінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, өз көрсеткішін 15 позицияға жақсартты.

▪️ Ғарыштық технологиялар экспорты. Көрсеткіш нөлден 70 млн АҚШ долларына дейін өсті.

▪️ IT-экспорт. IT-қызметтер экспорты 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Оның ішінде Astana Hub резиденттерінің экспорты 633 млн долларды құрады.

▪️ Интернет инфрақұрылымы. Интернетпен қамту деңгейі халықтың 84%-ынан 98%-ына дейін артты. Орташа интернет жылдамдығы 21-ден 88–94 Мбит/с дейін өсті. Қазіргі уақытта бесінші буын — 5G байланысы енгізілуде.

▪️ Цифрлық мемлекеттік қызметтер. Цифрландырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.

▪️ Қолма-қол ақшасыз төлемдер. Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге өсіп, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге жетті.

Предыдущая статья
Қауіпсіз қоғамға жаңа технологиялар.Жасанды интеллект қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Ол үлкен көлемдегі ақпаратты талдауға, төтенше жағдайларды ерте анықтауға, қауіп-қатерлерді бақылауға және азаматтарға қажетті ақпаратты жедел жеткізуге көмектесе алады. Қауіпсіздікке қатысты ақпаратты жылдам іздеу және жүйелеу;азаматтық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар және құқықтық сауаттылық туралы әдебиеттерді ұсыну;қауіпсіздік тақырыбындағы ақпараттық материалдар мен жадынамалар дайындауға көмектесу;төтенше жағдайлар кезінде қажетті ақпаратты жедел таратуға мүмкіндік беру;цифрлық қауіпсіздік пен ақпараттық сауаттылықты арттыру;жалған ақпаратты ажырату және ақпарат көздерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын дамыту. AI технологияларын жауапкершілікпен пайдалану қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және қоғамға қажетті ақпаратты тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
Следующая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke