«Заң мен Тәртіп» ұғымы бүгінде баршамызға таныс. Бұл сөз тіркесін мемлекеттік саясатта, ресми құжаттарда, қоғамдық пікірталастарда жиі естиміз. Алайда оның мәні мен маңызы туралы әрдайым терең ойлана бермейміз.
Шын мәнінде, «Заң мен Тәртіп» – жай ғана ұран емес. Ол әділеттілікке, қауіпсіздікке, жауапкершілікке және азаматтардың құқықтарын құрметтеуге негізделген заманауи мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Сондықтан да бұл принцип еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды құндылық ретінде қарастырылып, мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып отыр.
Ендеше, «Заң мен Тәртіп» дегеніміз не және ол қандай қағидаттарды қамтиды?
Бұл тек құқық қорғау органдары мен соттардың жұмысы ғана емес. Бұл – заңның бәріне бірдей үстемдік етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалуы және құқық бұзушылық жасаған әрбір адамның заң алдында жауап беруі.
«Заң мен Тәртіп» қағидатының негізгі құрамдас бөліктері:
▪️ Заң үстемдігі – заң лауазымы мен мәртебесіне қарамастан барлық адамға бірдей міндетті.
▪️ Заң алдындағы теңдік – әрбір азаматты

