Туған жердің тазалығы — әрбір азаматтың мәдениеті мен елге деген құрметінің көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау тек тазалық сақтаумен шектелмейді, ол — табиғатқа жанашырлықпен қарау, ортақ мүлікті күту және келер ұрпаққа таза әрі көркем ел қалдыру.
Тазалық үлкен істерден ғана емес, әр адамның күнделікті қарапайым әрекетінен басталады. Қоқысты белгіленген орынға тастау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу және айналамызды таза ұстау — болашақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.
Таза Қазақстан — бір күндік науқан емес, әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс құндылық!
🌱 Табиғатты аялайық, туған жерді көркейтейік! Өйткені таза орта — дені сау ұрпақтың, мәдениетті қоғамның және жарқын болашақтың кепілі.

