🏗 Қонаевта апатты үйлерді бұзу жұмыстары жалғасуда

Қонаев қаласындағы Инвентарная көшесінде апатты үйлерді бұзу жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыстар 2025–2029 жылдарға арналған Жол картасы аясында жүргізілуде. Тұрғындар басқа пәтерлерге көшірілуде.

🏠 №1 және №2 үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Аталған үйлерде барлығы 16 пәтер болған. Қазіргі уақытта №2 үй бұзылып, №1 үйді бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.

📌 Келесі кезеңде №3, №4, №5 және №6 үйлердің тұрғындарын көшіру жоспарланған. Бұл үйлерде барлығы 32 пәтер бар. Бүгінгі таңда жергілікті бюджет есебінен 10 пәтер сатып алынған, тағы 5 пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қалған пәтерлерді қосымша қаржы бөлінгеннен кейін сатып алу жоспарлануда.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары пәтер иелерімен байланысып, оларға баспана нұсқаларын ұсынып, қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәдиар Закеровтың айтуынша, барлық тұрғындар көшіп, пәтерлер босатылғаннан кейін ғана үйлерді бұзуға болады. Бұл — адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара.

Жер учаскесі бұзу жұмыстарынан кейін де мемлекеттік меншікте қалады. Болашақта бұл аумақта тұрғын үй кешенін немесе басқа да нысан салу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke