Мемлекет басшысы Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады

🔹Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, Қазақстан аталған аймақпен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екенін растады. 

🔹Президенттің айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан.

🔹Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. 

🔹Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар олардың ерлігі туралы естеліктер көздің қарашығындай сақталатынына назар аударды.

🔹Әңгімелесу барысында өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.

t.me/aqorda_resmi

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke