ҚОНАЕВТА ҚҰТҚАРУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫҚонаев қаласында Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.Жиын барысында қала әкімі Асхат Бердіханов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және адам өмірін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.«Құтқарушы болу – жоғары жауапкершілікті, батылдық пен табандылықты талап ететін құрметті мамандық. Сіздер күн сайын адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғап, қиын сәттерде көмекке келіп, көптеген жанға үміт сыйлайсыздар. Қандай қауіп-қатер болса да, адам өмірін құтқаруға бағытталған қызметтеріңіз әрдайым терең құрметке лайық», – деді қала әкімі.Сондай-ақ ол қала тұрғындарының атынан құтқарушыларға адал қызметтері үшін алғыс білдіріп, өздеріне және отбасыларына зор денсаулық, амандық пен жұмыстарына табыс тіледі.Салтанатты шара аясында қала басшысы Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен №1 өрт сөндіру бөлімінің 15 қызметкерін марапаттады. Сонымен қатар «Халық үшін» қоғамдық қорының директоры Сергей Горяной бес құтқарушыға арнайы сертификаттар табыстады.Іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke