Қонаев десе, көпшіліктің көз алдына Қапшағай су қоймасының жағалауы елестейді. Жаз мезгілінде демалушылар көбейіп, қаладағы сауда, қоғамдық тамақтану, қонақүй және қызмет көрсету салаларының жұмысы жанданады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қосымша табыс табуға мүмкіндік береді.
Дегенмен туристік маусымдағы жұмыстың да өзіндік жауапкершілігі бар. Қызмет сапасы, тазалық, қауіпсіздік және еңбек қатынасының заңды рәсімделуі назардан тыс қалмауы тиіс. Жұмыс беруші қызметкердің құқығын сақтаса, қызметкер өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, одан екі тарап та ұтады. Қонаевтың туристік қала ретіндегі беделі ең алдымен осында еңбек ететін адамдардың мәдениеті мен кәсібилігіне байланысты. Туризмнің дамуы тұрғындардың тұрмысына да нақты пайда әкелуі керек.

