Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – егемендігіміз бен елдігімізді айқындаған айрықша күн.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үлкен өзгерістер мен жаңғыру жолынан өтті. Саяси реформалар жүзеге асып, заң үстемдігін нығайтуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық берілді.
Президентіміз айтқандай: «Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір». Шын мәнінде, ел бірлігі мен қоғамдық келісім – тәуелсіздіктің берік тірегі, еліміздің тұрақты дамуының негізі.
Бүгінде Қонаев қаласы да жаңарып, өркендеп келеді. Қаламыздың дамуы мен көркеюі – ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын! Қонаев қаласы көркейіп, әр шаңыраққа құт-береке орнасын!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.

