«SMART-ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

2026 жылғы 14 қазанда Алматы экономикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының информатика пәні оқытушылары арасында «Smart-ұстаз» инновациялық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – информатика пәні оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді тиімді қолдану тәжірибесін тарату.

Облыстық байқауға 12 педагог қатысып, өздерінің кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетті. Байқау үш кезеңнен тұрды. Жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал I дәрежелі диплом иегері республикалық кезеңге жолдама алды.

✨ Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің атынан қатысқан информатика пәнінің оқытушысы Әзімбай Лиза III орынға ие болып, жүлделі дипломмен марапатталды!

Сонымен қатар, колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Нұрқалымова Айнұр Сүлейманқызы байқауда компатриот болды.

Әріптест

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke