«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 40 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпыхалықтық сенбілік өтті. Шараға облыс тұрғындары, еріктілер мен жастар қатысты.
Олар таңмен таласа тұрып саябақтар мен аулаларды қоқыстан тазартты. Сондай-ақ Қонаев қаласында 200 түп алма ағашының көшеті отырғызылды. Игі іске атсалысқан облыс әкімі Шыңғыс Әрінов, қоршаған ортаны таза ұстау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ өңір тұрғындарын «Таза Қазақстан» бастамасына белсенді қатысып, елдімекендердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырды.
Алматы облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы жүйелі түрде өткізіледі. Бүгіннің өзінде облыс көлемінде өткен сенбілікке 40 мыңнан астам адам қатысып, 2230 тонна қалдық шығарылды. 762 гектар аумақ тазартылып, бұл жұмысқа жұмысқа 400-ден аса техника жұмылдырылған.
« Бізде тазалық жұмыстары 31 апта бойы жалғасып келеді. Күні бүгінге дейін тазалық жұмыстарына 730 мыңға жуық адам қатысып, 10 мың гектар а

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke