Полицияның бір күні: әр айғаққа жауапкершілік

Түркістан облысының полицейлері қылмыстық істер бойынша айғақ заттарды қабылдау, тіркеу және сақтауға ерекше мән береді. Бұл істің жан-жақты әрі объективті тергелуіне ықпал ететін маңызды бағыттардың бірі.
Бүгінгі “Полицияның бір күні” айдарының кейіпкері Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкері, полиция кіші сержанты Бекзат Рыспаев. Ол тылды қамтамасыз ету және айғақ заттарға жауапты маман. Яғни қылмыстық істер мен құқық бұзушылықтарға қатысты заттай дәлелдемелерді қабылдап, белгіленген тәртіппен тіркейді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар айғақ заттардың тиісті құжаттармен рәсімделуін, белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісті орындарға уақытылы тапсырылуын қадағалайды.
Бұл жұмыста мұқияттылық, жауапкершілік және белгіленген тәртіпті қатаң сақтау маңызды. Полиция қызметіндегі осындай көзге көріне бермейтін, бірақ аса жауапты жұмыс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен заңдылықты сақтауға бағытталған ортақ міндеттің бір бөлігі.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke