Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті

Бүгін Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының "Парасат" бастауыш партия ұйымы еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша мазмұнды пікір алмасу өтіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік саланы нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар отандық денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медицина тәжірибесіне заманауи технологияларды енгізу, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жетілдіру және медицина қызметкерлерінің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесуге қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттердің медициналық ұйымдардың күнделікті қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Бұл міндеттерді жүзеге асыру әрбір маманнан жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және үйлесімді жұмысты талап етеді.
Талқылау барысында аурухана қызметкерлері саладағы өзекті мәселелер жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер азаматтық және қоғамдық белсенділікті арттыруға, еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді терең түсінуге, сондай-ақ еңбек ұжымындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Президент Жолдауын талқылау – бұл тек пікір алмасу ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағы алдындағы ортақ жауапкершілікті сезініп, қоғамның дамуына әрбір азаматтың қосар үлесін айқындауға мүмкіндік беретін маңызды алаң.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke