Ел дамуының жаңа кезеңі

Жаңа Конституцияның басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту және мемлекетті басқару жүйесін жетілдіру. Құжатта білім, ғылым, мәдениет пен инновацияны дамытуға ерекше мән берілген. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау мәселесі де қамтылған.
Конституциялық реформаның маңызды жаңалықтарының бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құру және Қазақстанның Халық Кеңесін қалыптастыру. Сондай-ақ Президенттің орынбасары лауазымын енгізу қарастырылған. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған.
Қорытындылай келе, жаңа Конституция – Қазақстанның болашақ дамуына бағыт беретін маңызды құжат. Оның негізгі қағидаларын жүзеге асыру әр азаматтың құқықтық сауаттылығына, жауапкершілігіне және ел өміріне белсенді қатысуына байланысты. Заңды құрметтеу, білімге ұмтылу және бірлікті сақтау – жарқын болашақтың негізі.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke