Соңғы уақытта Қонаев қаласындағы саяжай тұрғындары арасында жаңа Бас жоспардың бекітілуіне байланысты үйлердің сүрілуі және жер учаскелерінің нысаналы мақсатының өзгеруі жөнінде сұрақтар туындауда.
Осыған байланысты Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі түсініктеме беріп, саяжай алқаптарының алдағы даму жоспарлары туралы мәлімдеме жасады.
Ең алдымен, бүгінде «Қапшағай Алтын Алма» кооперативі аумағындағы үйлерді бұзу көзделмегенін атап өтеміз. Жер учаскелерін алып қою да жоспарланбаған. Үйлерді бұзуды, аумақты жаңартуды көздейтін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жоқ. Сондай-ақ аталған саяжай алқабында құрылыс жүргізуді жоспарлап отырған нақты инвестициялық жобалар мен инвесторлар да жоқ.
Қазан айында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов саяжай тұрғындарымен кездесіп, қаланың Бас жоспарына және аталған аумақтардың даму әлеуетіне қатысты мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында тұрғындар қазіргі жеке тұрғын үйлерден тұратын құрылыс үлгісін сақтап, көпқа

