7 C
Алматы
Воскресенье, 20 апреля, 2025

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады.

Мәселен, полиция күнделікті қызмет атқару барысында кешкі уақытта қала көшелерінің бірінде қарама-қарсы бағытта басқарып келе жатқан «Ваз 2101» маркалы автокөлігін байқап, оны тез арада тоқтатты.

Тәртіп сақшылары жүрісі күдік тудырған жүргізушіні тексеру барысында автокөлікті мас күйде басқарғанын анықтады.

Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke