2026–2031 жылдарға арналған
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қонаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат
№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі
ҚАДІРЛІ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қонаев – қарқынды дамуға мүмкіндігі мол, болашағы зор қала. Қаланың шынайы дамуы жаңа ғимараттар мен көшелердің салынуымен ғана емес, ең алдымен, тұрғындардың өмір сапасының жақсаруымен өлшенеді.
Әр отбасының тыныштығы, әр баланың қауіпсіздігі, әрбір ауланың тазалығы мен әр көшенің жарық болуы – маңызды міндеттер. Қала тұрғындары сапалы инфрақұрылымға, қолжетімді қызметтерге, жайлы қоғамдық кеңістіктерге және жаңа мүмкіндіктерге лайық.
Мен халықтың үнін естіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп қана қоймай, олардың шешілу барысын бақылауға күш салуды өзіме міндет санаймын. Әр мәселені жауапкершілікпен қарастырып, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет.
Қонаевтың болашағы – өз қолымызда. Қаламыздың дамуына әр тұрғынның қосқан үлесі маңызды. Бірлесе әрекет етсек, ортақ мақсаттарымызға жақындай түсеміз.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Ашықтық, адалдық, әділдік және жауапкершілік. Халықпен тұрақты диалог орнату, әр аудан мен ауланың қажеттілігін ескеру, тұрғындардың заңды мүдделерін қорғау. Әрбір ұсынысқа құрметпен қарап, шешімін табуға ықпал ету.
Мен үшін халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Сол сенімді ақтау жолында адал еңбек етуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Байболатов Ержан Мекенбайұлы,
2008 жылы Оңтүстік Қазақстан экономика және статистика колледжін «Экономист. Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдадым.
2012 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Экономика» бағыты бойынша «Бухгалтерлік есеп» мамандығын бакалавр дәрежесімен аяқтадым.
2024 жылдан бастап «Газовые сети Капшагайского региона» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарып келемін. Басшылық қызметтегі тәжірибем ұжымды ортақ мақсатқа жұмылдырып, әлеуметтік маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Адамдарға көмектесу, олардың мәселелеріне бейжай қарамау – менің өмірлік ұстанымым. Қиын жағдайға тап болған азаматтардың өтініштеріне түсіністікпен қарап, қолымнан келгенше қолдау көрсетуге әрдайым дайынмын.
Басты мақсатым – тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге ықпал ету, әлеуметтік бастамаларды қолдау және халықтың мүддесін қорғау.
Депутат болып сайланған жағдайда, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштерін назарға алып, атқарылған жұмыстар бойынша ашық есеп беруді басты міндетім деп санаймын.
Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нәтижесі – халықтың сенімін ақтап, азаматтардың өміріне нақты оң өзгерістер әкелу.
Құрметпен, Ержан Байболатов
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУ
1. 2030 жылға дейін Қонаев қаласының көшелері мен жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, жол жамылғысының сапасын жақсарту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру жұмыстарына ықпал ету.
2. Қаладағы қоғамдық кеңістіктерді, саябақтар мен демалыс орындарын абаттандыруға, көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдау.
3. Қаладағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру бастамаларына ықпал ету.ээ
ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1. 2030 жылға дейін Қонаев қаласының электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға, электр желілерінің тозуын азайтуға және жаңа қосалқы станцияларды салу жобаларының іске асуына ықпал ету.
2. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырлары мен кәріз жүйелерін жаңғырту және сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымын дамыту бастамаларын қолдау.
3. Қонаев қаласының жылу желілерін жаңғыртуға және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.
4. Газдандыру жұмыстарын жандандыруға, газ тарту желілерінің құрылысын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтап, пайдалануға берілуіне тұрақты қоғамдық бақылау жүргізуге және осы бағыттағы өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал етемін.
ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1. Қонаев қаласында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының қолжетімділігін арттыруға, білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған жобаларды қолдау.
3. 10-шағынауданда учаскелік полиция пунктінің әкімшілік ғимаратын салу.
4. 2030 жылға дейін Қонаев қаласындағы жағажайларды абаттандыру, демалыс аймақтарының қолайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстардың жүзеге асуына ықпал ету.
5. Қонаев қаласының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жобасының іске асуына ықпал ету арқылы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға үлес қосу.
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Қонаев қаласында 1 200 орындық жаңа орта мектеп салу жобасының іске асырылуына ықпал ету. Жаңа мектеп құрылысын 2030 жылға дейін жүзеге асыру.
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жобасының жүзеге асырылуына және Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназияның күрделі жөндеу жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтауға ықпал ету.
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ
Қонаев қаласында 600 орындық, кітапханасы бар Оқушылар сарайын салу жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жобаның 2030 жылға дейін жүзеге асырылуын қадағалау.
ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
1. 2027 жылға Қонаев қалалық көпсалы ауруханасының балалар емханасы ғимаратына сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
2. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.
Әр шешімім – халықтың игілігі үшін!
(Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарының ақысы төленген).

