Қонаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат · №10 бірмандаттық сайлау округі · «Әділет» партиясы
ҚАДІРЛІ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қаламыздың басты байлығы – оның адамдары. Қонаев – әрқайсымыз үшін ыстық мекен, ортақ үйіміз. Оның көркеюі мен дамуы, тұрғындардың жайлы өмір сүруі – бәрімізге ортақ міндет.
Менің басты мақсатым – қала тұрғындарының талап-тілектерін ескеріп, күнделікті өмірде кездесетін мәселелердің шешілуіне ықпал ету. Сапалы жол, таза аула, жарық көшелер, қолжетімді әлеуметтік қызметтер мен тұрақты жұмыс орындары әр тұрғын үшін маңызды екенін жақсы түсінемін.
Әрбір мәселенің өз шешімі бар. Ол үшін халықпен тұрақты байланыс орнатып, ұсыныстарды мұқият тыңдап, депутаттық өкілеттігім аясында нақты нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу қажет. Мен үшін құрғақ уәдеден гөрі нақты іс пен жауапкершілік маңызды.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болса, Қонаевты өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы қалаға айналдыруға үлес қоса аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынның пікірін құрметтеу, халық мүддесін қорғау, әділдік пен ашықтықты сақтау. Қаладағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, олардың шешілуіне ықпал ету. Айтылған сөзге жауап беріп, атқарылған істің нәтижесін бағалау.
Сіздердің ұсыныстарыңызға, өтініштеріңізге және сын-пікірлеріңізге әрдайым ашықпын. Халықпен бірге жұмыс істеп, қаламыздың игілігі үшін күш салуға дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
«Ең бастысы, азаматтарға қалада өмір сүру қолайлы
әрі жайлы болуы керек».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Мен, Дүйсенбаев Берік Фатықұлы, білімім жоғары. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын және академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдадым. Мамандығым – мұғалім.
Еңбек жолымда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мектеп директоры болып жұмыс істедім. 2013 жылдан бастап мемлекеттік басқару саласында қызмет атқарып, Заречный ауылдық округінің әкімі, Қапшағай қаласы әкімінің аппарат басшысы және әкімінің орынбасары қызметтерін атқардым. 2022–2025 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданының әкімі болдым. Қазіргі уақытта Қонаев қалалық «Әділет» партиясының төрағасы қызметін атқарамын.
Қаланың дамуы ең алдымен жолдардың сапасы, инженерлік инфрақұрылым, білім беру мен медицина қызметтерінің қолжетімділігі, жұмыс орындары, қоғамдық кеңістіктер және жастарға жасалатын мүмкіндіктер қаланың дамуында маңызды орын алуға тиіс.
Қонаев қаласының әрбір тұрғыны үшін қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау, азаматтардың өтініштеріне назар аудару және жергілікті мәселелердің шешілуіне ықпал ету – мен үшін маңызды бағыттар. Қаланың дамуына қатысты бастамалардың нақты жоспарлармен, жауапты орындаушылармен және белгіленген мерзімдермен ұштасуы маңызды деп санаймын.
Мен үшін қоғамдық және саяси қызметтің мәні – тұрғындардың пікірін тыңдау, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыс туралы ашық ақпарат беру. Қонаев қаласының болашағы ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмыстың нәтижесінде қалыптасады.
Құрметпен, Берік Дүйсенбаев
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР
1. Қонаев қаласының су құбыры және кәріз желілерін реконструкциялау жобаларының іске асырылуына ықпал ету. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындарды тұрақты сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесінің сапалы жұмыс істеуі мәселелерін бақылауда ұстау. Аталған жобаларды 2030 жылға дейін іске асыруға ықпал ету.
2. Қонаев қаласында М. Әуезов көшесін екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстарына ықпал ету.
3. Қонаев қаласының бес шағынауданын газдандыру жұмыстарын аяқтау жұмыстарын қадағалау.
Қуатты өңірлер – қуатты ел!
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
1. «Арна» индустриялық аймағында 220/110/10 кВ қосалқы электр станциясын салу;
2. «Көкшил» 110/10 кВ қосалқы станциясын 2030 жылға дейін салу мәселесін назарда ұстауға ықпал ету.
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Қонаев қаласында 1 200 орындық жаңа орта мектеп салу жобасының іске асырылуына ықпал ету. Жаңа мектеп құрылысын 2030 жылға дейін жүзеге асыру.
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ
Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салу жобасының жүзеге асырылуына және Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназиясының күрделі жөндеу жұмыстарын 2027 жылдың соңына дейін аяқтауға ықпал ету.
БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ
Қонаев қаласында 600 орындық, кітапханасы бар Оқушылар сарайын салу жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жобанын 2030 жылға дейін жүзеге асырылуын қадағалау.
ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
ЗАМАНАУИ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Қонаев қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға беру жұмыстарының орындалуына ықпал ету. Қаланың санитариялық-экологиялық жағдайын жақсартуға, сарқынды суларды тазарту жүйесінің тиімділігін арттыруға және инженерлік инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуіне басымдық беру. Нысанды 2028 жылы пайдалануға беруге жәрдемдесу.
ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
2027 жылға Қонаев қалалық көпсалы ауруханасының балалар емханасы ғимаратына сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.
ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру мақсатында тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсету. Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткішін 2027 жылға қарай 30 шаршы метрге жеткізуге ықпал ету.
САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Қонаев қаласында Apple Store форматындағы цифрлық офис құру бастамасын іске асыруға ықпал ету.
ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында бөлімінің маңы мен көшелерін абаттандыруға, қалдықтарды жинау мен шығару жүйесін жақсартуға, елді мекендерді көгалдандыруға және жайлы қоғамдық кеңістіктер құруға қол жеткізу.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
(Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен қаржыландырылды).

