Мұсабеков Қанат Кинаятұлы: 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Қонаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат · №9 бірмандаттық сайлау округі · «Байтақ» партиясы

ҚАДІРЛІ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қаланың дамуы тек жаңа нысандар салумен өлшенбейді. Оның басты көрсеткіштерінің бірі – қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық қауіпсіздік және тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасының қалыптасуы.

Қонаев қаласының табиғи әлеуетін сақтау, жасыл желектерді көбейту, қоғамдық орындарды абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және су ресурстарын қорғау – ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттар.

«Байтақ» партиясының бағдарламалық басымдықтары аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне басымдық беріледі.

Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту тұрғындардың, қоғамдық ұйымдардың және жергілікті билік органдарының бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы бағытта тұрғындардың ұсыныстарын ескеру және өзекті мәселелерді тиісті деңгейде көтеру маңызды.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын бірінші орынға қою. Қала тазалығына, инфрақұрылым сапасына және қоғамдық кеңістіктердің жағдайына назар аудару. Халықтың пікірін тыңдап, әрбір мәселені заң аясында шешуге ұмтылу.

Мен ашық диалогқа, сындарлы ұсыныстарға және ортақ іске әрдайым дайынмын. Қонаевтың бүгінін жақсартып, ертеңіне берік негіз қалыптастыруға бірге атсалысайық!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Мұсабеков Қанат Кинаятұлы, Алматы қаласында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында тұрамын. 2012 жылы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетін тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2014 жылы оқытушылық қызметтен бастадым. 2014–2016 жылдары Алматы энергетика және байланыс университетінде оқытушы, 2016–2018 жылдары Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында сарапшы-аудитор болып жұмыс істедім. 2018 жылдан бастап «Кернеу-К» ЖШС құрылтайшысы ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысып келемін.

Еңбек жолымда білім беру, сараптамалық қызмет, құрылыс және кәсіпкерлік салаларында тәжірибе жинақтадым. Құрылыс компаниясының құрылтайшысы ретінде қаланың инфрақұрылымын дамытуға және құрылыс жобаларын іске асыруға үлес қосып келемін. Сонымен қатар қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға қолдау көрсетемін.

«Байтақ» партиясының өкілі ретінде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаланы көгалдандыру және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мәселелерін маңызды басымдық деп санаймын.

Мен үшін қаланың дамуы экономикалық өсумен қатар, табиғи ресурстарды сақтау және болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырумен тығыз байланысты.

Алдағы уақытта да кәсіби тәжірибем мен күш-жігерімді Қонаев қаласының дамуына, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және экологиялық бастамаларды қолдауға бағыттауға дайынмын.

Құрметпен, Қанат Мұсабеков

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

1. 2027 жылға дейін Қонаев қаласындағы интернат үйінің ғимаратын реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.

2. 2029 жылға дейін Қонаев қаласында 150 орындық оңалту орталығының құрылысын жүзеге асыруға қолдау көрсетемін.

3. 2027–2030 жылдар аралығында Қонаев қаласындағы Қ. Қайсенов атындағы №4, Жұбанов атындағы №5, Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназиясын, №2 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

1. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырлары мен кәріз жүйелерін жаңғырту және сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымын дамыту бастамаларын қолдау.

3. Қонаев қаласының жылу желілерін жаңғыртуға және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

1. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының материалдық-техникалық базасын жақсартуға, ғимараттың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыруға ықпал ету.

2. Қызмет алушыларды сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету, оңалту шараларының қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру.

3. Қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, мәдени-спорттық және шығармашылық іс-шараларға қатысуына жағдай жасауға қолдау көрсету.

4. Орталық аумағын абаттандыру, қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолдарын, демалыс орындары мен қолжетімді орта қалыптастыруға ықпал ету.

5. Әлеуметтік қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және кәсіби біліктілігін арттыру мәселелерін назарда ұстау.

6. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың өтініштерін тұрақты қарастырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ықпал ету.

ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

Қонаев қаласында 1 200 орындық жаңа орта мектеп салу жобасының іске асырылуына ықпал ету. Жаңа мектеп құрылысын 2030 жылға дейін жүзеге асыру.

БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ

Қонаев қаласында 600 орындық, кітапханасы бар Оқушылар сарайын салу жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жобанын 2030 жылға дейін жүзеге асырылуын қадағалау.

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

2027 жылға Қонаев қалалық көпсалы ауруханасының балалар емханасы ғимаратына сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

(Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен қаржыландырылды).

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke