Жамбұлов Берік Нұрғалиұлы: 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Қонаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат · №8 бірмандаттық сайлау округі · «AQJOL» партиясы

ҚАДІРЛІ ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Әрбір қаланың өркендеуі – оның тұрғындарына жасалған мүмкіндіктерден басталады. Адамдар өз қаласында жұмыс істеп, кәсіп ашып, отбасын асырап, болашағына сеніммен қарауы керек. Бұл үшін қолайлы орта, сапалы инфрақұрылым және ашық әрі әділ басқару жүйесі қажет.

Қонаев қаласының алдында экономикалық әлеуетін арттыру, инвестициялық тартымдылығын күшейту, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру міндеттері тұр. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол, қоғамдық көлік және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері де жүйелі шешімді талап етеді.

«Ақ Жол» демократиялық партиясының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жеке кәсіпкерлікті қолдау, отандық өндірісті дамыту, әділ бәсекелестік қалыптастыру және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бағыттарына ерекше мән беремін.

Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың мүддесін қорғау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Тұрғындардың өтініштеріне бейжай қарамай, өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне күш салуды басты міндетім деп санаймын.

Қонаевтың болашағы – баршамызға ортақ. Қаламыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында бірлесе еңбек етейік!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Жамбұлов Берік Нұрғалиұлы, Алматы қаласында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қонаев қаласында тұрамын. 2017 жылы «Тұран-Астана» университетін «Стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдап, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алдым.

Еңбек жолымды 2001 жылы «Оңтүстік-Шығыс энергетикалық компаниясы» ЖАҚ-да электр энергетикалық желілер мен жүйелер инженері қызметінен бастадым. Әр жылдары «Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Mega Watt Trading» ЖШС, «Бастау» МКК, «Алматы Су» МКК ж әне Алматы қаласы әкімдігінің Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында басшылық және жауапты қызметтер атқардым. 2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қонаев Су Арнасы» ШЖҚ МКК Бас директоры қызметін атқарып келемін.

Көпжылдық еңбек тәжірибем энергетика, коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау салаларында кәсіби әрі басқарушылық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Қазіргі қызметімде Қонаев қаласының тұрғындарын тұрақты сумен қамтамасыз ету, су құбыры желілерінің жұмысын жақсарту және коммуналдық мәселелерді шешу бағытында жұмыс жүргізіп келемін. Атап айтқанда, №8-10 шағынаудандардағы сумен жабдықтау мәселелерін реттеу, су құдықтарын тексеру және қалпына келтіру жұмыстарына назар аударылуда.

«Ақ Жол» демократиялық партиясының құндылықтарын басшылыққа ала отырып, экономикалық тиімділік, ашықтық, жауапкершілік және тұрғындардың мүддесін қорғау қағидаттарын маңызды деп санаймын. Қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту – басты назардағы бағыттар.

Алдағы уақытта да кәсіби тәжірибем мен білімімді Қонаев қаласының дамуына, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге және қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға бағыттауға дайынмын.

Құрметпен, Берік Жамбылов

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

ЖАСЫЛ ҚОНАЕВ

1. Қала аумағында жасыл желектерді көбейту, ағаштарды сақтау және жаңа саябақтар мен скверлер салу.

2. Қоқысты сұрыптау, қайта өңдеу және заңсыз қоқыс орындарын жою жүйесін дамыту.

3. Жағалауды тазарту, су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

1. 2027 жылға дейін Қонаев қаласындағы интернат үйінің ғимаратын реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етемін.

2. 2029 жылға дейін Қонаев қаласында 150 орындық оңалту орталығының құрылысын жүзеге асыруға қолдау көрсетемін.

3. 2027–2030 жылдар аралығында Қонаев қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназияның, Д.Қонаев атындағы №1 орта мектебі, №2 орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.

ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

1. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су құбырлары мен кәріз жүйелерін жаңғырту және сарқынды суларды тазарту инфрақұрылымын дамыту бастамаларын қолдау.

3. Қонаев қаласының жылу желілерін жаңғыртуға және жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

1. Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың өтініштерін тұрақты қарастырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ықпал ету.

БАЛАЛАРДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚОСЫМША БІЛІМ

Қонаев қаласында 600 орындық, кітапханасы бар Оқушылар сарайын салу жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Жобанын 2030 жылға дейін жүзеге асырылуын қадағалау.

ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

2027 жылға Қонаев қалалық көпсалы ауруханасының балалар емханасы ғимаратына сапалы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

ЖАСТАР, СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ

1. Қонаев қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін.

2. Жастардың шығармашылық, зияткерлік және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға арналған заманауи жастар орталықтарын дамытуға атсалысамын.

3. Қала аумағында бұқаралық спортпен айналысуға арналған ашық спорт алаңдары мен дене шынықтыру нысандарын көбейтуге ықпал етемін.

(Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары республикалық бюджеттен қаржыландырылды).

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke