-9.1 C
Алматы
-10.5 C
Капшагай
Четверг, 12 декабря, 2024
spot_img

Жетісу облысының әкімдігі Президенттің Іс басқармасы медициналық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Бүгін Талдықорған қаласында облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында облыс тұрғындарын диагностикалау, емдеу, оңалту бағытында, жаңа технологиялар мен озық емдеу әдістерін меңгеруде, инновациялық әдістемелерді дамытуда екі жақты білім мен тәжірибе алмасу жүргізіледі, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой бастаған орталықтың білікті ұжымына өңірлермен ынтымақтастық орнатуға ықылас танытып, бастама жасағандары үшін шынайы ризашылығын білдірген Бейбіт Исабаев облыста денсаулық сақтау саласына жасалып отырған қолдау шаралары жайлы қысқаша айтып өтті.

— Жетісу облысының денсаулық сақтау саласына тұрақты негізде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 59 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 33-і жыл соңына дейін іске қосылады. Жалпы облыста ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен соңғы 3 жылда 61 блоктық-модульдік медициналық нысан салынды, атап айтқанда 2022 жылы – 12, 2023 жылы – 22, 2024 жылы 27 нысан тұрғызылды. Денсаулық сақтау саласы объектілерін соңғы жылдары 53% жаңарттық. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен Талдықорғанда заманауи онкологиялық орталық салынады. Өңірде қабылданған қолдау шараларының нәтижесінде өткен 9 айда облысқа 152 медицина маманы келді. Екі жылда медицина мекемелеріне 63 жедел жәрдем машиналарын алып бердік. Біз өз тарапымыздан денсаулық сақтау саласына жаңа нысандар салу, материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандарға қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамыз. Мемлекет басшысы айтқандай, халықтың денсаулығы – елдің ең басты байлығы. Сондықтан сіздер мен біздің мақсатымыз ортақ, — деген Б. Исабаев өзара ынтымақтастық орнатудың халықтың денсаулығын нығайтып, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал ететін шара болатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі Алексей Цой Президенттің Іс Басқармасының Медициналық орталығы күндерін ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғысын жеткізді.

— Мемлекет басшысы өңірлік денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлу туралы тапсырма берді. Президенттің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері елдің барлық өңірлерінде өткізіледі. Тоқсан жылдан астам уақыт ішінде Президенттің Іс Басқармасының Медициналық орталығы денсаулық сақтау жүйесінде көшбасшы болып келеді. Соңғы 3 жылдың өзінде орталықтың медицина қызметкерлері 150-ден астам жаңа технологияны сынақтан өткізді. Өңірлердегі әріптестерімізге медициналық практикалық көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бұған бүгін қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум ықпал етіп отыр, бұл осындай акцияларды тұрақты өткізуге мүмкіндік береді. Негізгі мақсатымыз – аймақтарға жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Мәселен, Жетісу өңірінің тұрғындары облыстан сыртқа шықпай-ақ, күрделі медициналық көмекті жергілікті жерде де ала алады. Біздің бірлескен жұмысымыз медициналық қызметтердің сапасын кезең-кезеңімен жақсарта түсуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті А.Цой.

Кездесу барысында Жетісу облысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы медициналық орталығының өзара ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.

Атап өтсек, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығы күні аясында мамандар осы аптаның басынан Талдықорғанның бірқатар медициналық мекемелерінде пациенттерді қабылдады. Мамандар қатарында эндокринолог, травматолог, генетик дәрігер, аритмолог дәрігер, гастроэнтеролог, пульмонолог, ангиохирург, геронтолог, невропатолог, аллерголог, эпилептолог бар. Акцияның аясында 31 операция жүргізілді, оның 7-і бірегей операция. Жүкті әйелдерді, балалар мен қарттарды қоса алғанда, 207 пациентке консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді. 193 маман қатысқан 11 дәріс пен презентация өткізілді.

Жетісу облысы — «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» акциясы өтіп отырған 14-ші аймақ.  Акцияның негізгі мақсаты — ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесінің озық тәжірибесін өңірлердің денсаулық сақтау саласына тарату, бұл өз кезегінде халық тұратын елді мекендерде жоғары технологиялық қызметтер мен емдеудің озық әдістерінің қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Фототілші: Жеңіс Ысқабай

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости