-14.1 C
Алматы
-9.3 C
Капшагай
Четверг, 12 декабря, 2024
spot_img

Полиция мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірлесіп, 137 қылмысты ашқан

Түркістан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың төрағалығымен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша орынбасары Н.Әлібекұлының, сондай-ақ полиция бөлімдері мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен кезекті жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі ведомствоның өкілдері қылмыстарды, оның ішінде бұрын жасалған қылмыстарды ашу бойынша 11 ай ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын қарады. Сондай-ақ жедел және профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде өзара іс-қимылды жақсарту мәселелерін талқылады.

Нақтырақ айтсақ, полиция мен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде аталған кезеңде 137 қылмыс ашылды. Оның ішінде 93-і бөтен мүлікті ұрлау, 16-сы алаяқтық, 2-еуі қарумен байланысты болса, 26-сы қылмыстың басқа түрлері.

Басқосуда қатысушылар жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырудың, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың, «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан әрі өзара іс-қимыл мен үйлестіруге дайын екендіктерін жеткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости