Оқушылар арасында қалалық спартакиада өтті

🎯2026 жылғы 19 қараша күні Қазақ орта мектеп-лицейінің базасында Қонаев қаласы білім бөлімі мен Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының бірлесіп ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай жоғары сынып оқушылары арасында қалалық спартакиада өткізілді.

🔸Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, сондай-ақ АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру және жастардың жауапкершілігін арттыру.

🏆Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, тиісті дәрежедегі дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар спартакиадаға қатысқан командалар Алғыс хаттармен марапатталды.

📍Жарыс нәтижесі бойынша:

🥇 І орын – №3 орта мектеп «Бүркіт» командасы

🥈 ІІ орын – Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінің «Барыс» командасы

🥉 ІІІ орын – Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектептің «Жалын» командасы.

💐Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke