-3.1 C
Алматы
0.5 C
Капшагай
Суббота, 28 декабря, 2024
spot_img

Баспасөз аңдатпасы

2024 жылғы 12 желтоқсан күні Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында кезекті бас қосуын өткізді.
Атап айтқанда, әртүрлі діни бірлестік өкілдерінен құралған клуб мүшелері ең алдымен Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке» тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды және тарих беттеріндегі қаралы кезең құрбандарын бірминуттық үнсіздікпен еске алды.


Одан әрі клуб мүшелері «Қуғын-сүргін құрбандары мұражайындағы» экскурсияға қатысып, тарихи құжаттар, экспонаттар және құнды ақпараттармен танысты.
Кейіннен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған арнайы жиын өткізіліп, ағымдағы жылдың қорытындысы мен келер жылдың жоспары талқыланды.
Кездесу барысында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке өз құттықтау сөзінде клуб жұмысының бүгінгі таңдағы қоғам үшін айрықша маңыздылығын атап өтті.


Сондай-ақ, Алматы облысы бас имамының орынбасары Қаби Ринат, православтық шіркеу өкілі Фрейган Кирилл, католиктік шіркеу өкілі Зарась Артур Ремигиуса, «Өмір бұлағы» елуіншілер шіркеуінің өкілі Антонина Тихонова мен «Кришна санасы қоғамы» діни бірлестігінің өкілі Виктор Голоус құттықтау сөздерін сөйлеп, клуб жұмысын белсенді түрде қайта жандандырғаны үшін Алматы облысы Дін істері жөніндегі басқармасына алғыстарын жеткізді.
Бұдан бөлек, іс-шара барысында клуб жұмысында белсенділік танытып, өңірдегі конфессияаралық келісімнің нығаюына үлес қосып жатқан бірқатар діни бірлестіктердің өкілдеріне арнайы алғыс хаттар табысталды.

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости