Қонаев қаласының ардагері дауыс берді

Бүгін елімізде мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр.

Бұл күні Қонаев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев та өз таңдауын жасады.

«Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс бердім. Сайлауға қатысу әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіреді. Біз, аға буын өкілдері, еліміздің талай тарихи кезеңдерін бастан өткердік. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылықтың, бірліктің және халық таңдауының маңызын жақсы түсінеміз. Бүгінгі сайлау – қаламыздың алдағы даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан. Әрбір берілген дауыс – ел болашағына қосылған үлес», – деді ақсақал.

Айта кетейік, Қонаевта 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның бесеуі – жабық.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke