-3.1 C
Алматы
0.5 C
Капшагай
Суббота, 28 декабря, 2024
spot_img

Ұлттық кітапханада «300 қайраткер» энциклопедиясының тұсауы кесілді

Желтоқсан айы жыл бойына жасалған істердің қортынды айы деуге болады. Әсіресе жасалған игі істердің қортындысын шығарудың жөні бөлек. Осы орайда ұлт жанашыры, балаларды қорғау қорының директоры, «Алтын жүрек», «Алтын адам» секілді жылды қортындылайтын жобалардың авторы Динара Бердімұрат «300 қайраткер» атты энциоклопедияның тұсаукесер рәсімін өткізді.

Жылды қорытындылайтын іс шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Халбеков Арман Бейсенбайұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, қоғам қайраткері, Қазақстанның Ардагерлер қауымдастығының мүшесі, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері Құйқабаев Дидар Әскербекұлы, ел жанашыры, меценат, қоғам қайраткері Асанова Зәмзәгүл Ермекқызы қатысып, аттары энциклопедияға ілінген тұлғаларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, аталған энциклопедияның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қоғам белсенділері, ел жанашырлары, елімізге белгілі тұлғалар қатысқан шарада елге еңбегі сіңірген еңбектері кеңінен талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметте білікті салалық мамандардың тапшылығы сезілетінін атап өткен болатын. «Бұл ретте еліміздегі бизнес, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина, білім және басқа да секторларда табысты еңбек етіп жүрген адамдар жеткілікті. Нақты нәтижеге ұмтылып, тұтынушының қажеттілігін өтеу үшін жұмыс істейтін осындай мамандардың әлеуетін жұмылдыру керек. Мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізуді жалғастырған жөн. Ол үшін жеке сектордан білікті мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдау ережесін анағұрлым еркін, жеңіл етіп жасау мәселесін мұқият пысықтау қажет. Елге қызмет ететін азаматтардың еңбегін бағалау керек деген болатын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлт жанашыры Динара Бердімұраттың да ұстанымы осы ұғыммен тоқайласады. Динара Бердімұрат ол осы еңбегі арқылы ел ішіндегі мықты тұлғаларды елге таныстыруды көздеген.

ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ел жанашыры Динара Бердімұраттың құрастыруымен жарыққа шыққан кітапта жыл бойына ел дамуына үлес қосып, мемлекетіміздің көркеюі жолында еңбек сіңірген тұлғалар топтасқан. Олардың ішінде бейбіт күннің батырлары да, ел намысын қорғаған спортшылар да, ұлт денсаулығына қызмет етіп келе жатқан дәрігерлер мен ерекше мамандық иелері ұстаздар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық ретінде миллиондаған қаржы аударған кәсіпкерлер де бар. Бір сөзбен айтқанда энциклопедияда Тәуелсіздік алған күннен бүгінгі күнге дейінгі егемен Қазақстанның қалыптасуына және дамуына зор үлес қосқан еліміздің белгілі тұлғаларының ғұмырнамалық келбеті топтасқан.



Елім деген азаматтардың қоғамды алдыға сүйреп, мемлекетіміздің нығаюы жолында жасаған еңбектері нақты деректермен, дәлелдермен көрсетілген. Олардың жүріп өткен жолдары көпке үлгі, мемлекетке үлкен пайда екені сөзсіз. Әрбір тұлғаның қайраткерлік болмыстары жан жақты ашылып, суреттерімен көмкерілген.

Қоғам үшін берері мол энциклопедияның құрастырушысы, Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Динара Бердімұрат та қатысушыларға өз алғысын жеткізді. «Энциклопедияны шығарудағы бамсты мақсатым әрбір азаматтың ұлы мұраты елге қызмет ету екенін дәріптегім келеді. Жекелеген азаматтардың еңбегін көрсете отырып, олардың игі істері басқаларға үлгі болса деймін. Жаңа Қазақстан құру жолында бізге қайраткерлеріміздің, тұлғаларымыздың ерен еңбектері, ел үшін адал қызметі керек. Қазір қит етсе бақытын өзге елден іздеген жастарға еліміздің болашағына алаңдаймын. Сондықтан ел ішінде өз еліне, халқына қызмет етуге ұмтылған азаматтардың игі ісі басқаларға, әсіресе жастарға үлгі болса деймін. Энциклопедия шығарудағы басты мақсатым да осындай тұлғаларды бір жерде топтастыру арқылы елге қызмет ету идеологиясын насихаттау, сол арқылы тұлғаларымызды ынталандыру» дейді.

- Подписка 2025 -spot_img
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Подписка 2025 -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости