Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнына барып, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтады.
2025 жылғы 13 қаңтарда Актобедегі «Москва» шағын ауданында орналасқан жеке тұрғын үйде күтпеген қайғылы жағдай орын алды.
Рысқұлбеков көшесіндегі үйге белгісіз ер адам кешкі уақытта кіріп, 40 жастағы әйелді тұтқында ұстап отырған. Оқиға туралы хабарлау орталығына сағат 20:00 шамасында қоңырау түскен.
Сол түні бірнеше көше қоршауға алынып, оқиға орнында криминалистер мен тергеушілер жұмыс істеді. Үйдің қақпасы жабылып, бәрі мөрленген.
Оқиғаның салдары
Тұтқынға алынғандар арасында 40 жастағы әйел және оның қарт ата-анасы болған. Олар жертөледен пышақ жарақаттарымен табылған. Ресми деректер бойынша, әйелдің анасы ауруханаға барар жолда жедел жәрдемде қайтыс болған, ал әкесі операция үстелінде көз жұмған.
Көршілер мен туыстардың пікірі
Трагедия болған үйдің қарсы бетіндегі туыстары қаза тапқан жандарға көңіл айтып келген адамдарды қабылдап жатыр. Жақындары оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Көршілердің айтуынша, қарт ерлі-зайыптылар ақкөңіл, жайдары адамдар болған. Жергілікті тұрғындардың бірі олардың жиі көлік айдап жүргенін байқағанын айтты. Тұтқынға алынған әйел ата-анасымен тұрмаса да, оларға жиі келіп тұратын көрінеді.
Бұл оқиға тыныш аудан тұрғындары үшін күтпеген жағдай болды. Көршілер әлі күнге дейін шошынып, болған жайтқа сенер емес.