Жеке тұрғын үй қорындағы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы азаматтардың әлеуметтік осал топтары санаттарына жеке тұрғын үй үшін жалдау ақысының 50% мөлшерінде субсидиялар төлеуді білдіреді. Жалға алу құнының қалған 50% — алушылар өздері төлейді.
Тұрғын үйге кезекте тұрған Қазақстандықтар мемлекеттің қолдауына төрт санат бойынша үміткер бола алады:
1. 1 және 2 топтағы мүгедек тұлғалар
2. мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар
3. жетім балалар
4. көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
2024 жылы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы аясында ХӘОТ үшін 125 млн. теңге бөлінді. «Отбасы банк» АҚ ақпаратына сәйкес берілген өтінімдердің жалпы саны — 9346, мақұлданған өтінімдер — 1738, төлем — 843 қатысушыға тағайындалды. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы субсидиялау бойынша жалдау ақысын — 116 млн. теңгені игерді.
2025 жылы жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыру бойынша төлемдерді одан әрі жүзеге асыру үшін, Алматы облысында кезекте тұрған азаматтарға субсидияны төлеуге 160 млн.теңге бөлінді.