-1.1 C
Алматы
Вторник, 25 февраля, 2025

Алматыда жаңа Жетісу комьюнити орталығы таныстырылды

Алматы қаласында жастар мен тұрғындарға арналған Жетісу комьюнити орталығының таныстырылымы өтті. Жаңа орталық жастардың басын біріктіріп, олардың әлеуметтік, шығармашылық және кәсіби дамуына қолдау көрсететін заманауи алаң ретінде ашылды.

Іс-шара барысында орталықтың негізгі бағыттары, алдағы жоспарлары мен жобалары таныстырылып, қатысушыларға оның қызметі туралы толық ақпарат берілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері орталықтың жұмысымен жақынырақ танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Жетісу комьюнити орталығы жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың әлеуметтік бастамаларға қатысуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke