2 C
Алматы
Понедельник, 24 февраля, 2025

Ұйғыр ауданында асыл тұқымды мал басын көбейту жоспарлануда

Ұйғыр ауданда ұйымдастырылған пресс-тур барысында журналистер «М.Илхам» мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.

Қазір мұнда 100-ге жуық ірі қара мал басы бар. Мүйізділердің барлығы ангус тұқымды. Жылына 600 бас мал бордақыланып, ет өндіруші компанияға жөнелтіледі.

Сонымен қатар шаруашылық басшысы сиырлардың санын көбейту жоспарланып отырғанын айтты.

«Шаруашылықтың негізі 2001 жылы қаланған. Кейіннен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-дан лизингке техника алдық. Қазір 4 жұмысшы, 7 техникамыз бар. Алдағы уақытта аналық малды көбейтуді жоспарлап отырмыз. Содан кейін мемлекеттен субсидия алуға мүмкіндік ашылады. Ангус тұқымды малды басқа ауданнан сатып алғанша, осы амалды жүзеге асырсақ деп отырмыз», — дейді Марс Идрисов.

Айта кетерлігі, қожалық мал асын да өздері дайындайды. Мұнда өсірілетін дақылдар арасында жоңышқа басты орын алады, жыл сайын оның 200 тоннасы жиналады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke