2025 жылдың 7 наурыз күні 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебінде білімалушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу, қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу. Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Халқымыздың салт — дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында «Ана өмірдің гүлі » атты мерекелік концерт өтті.
Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы арулар тақырыбында болды.
Мектеп директоры Н.Е Калыбекова нәзік жанды әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Облыстық , қалалық олимпиадаларда жеңімпаз болған білімалушылар мен ұстаздар марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламаға арнайы шақырылған ардагер ұстаздарда шақыртылды. Концерт барысында әйелді ана ретінде асқақтатқан әсерлі өлеңдер оқылып, ер азаматтар атынан гүл шоқтарын сыйға тартты. « Құрметті аналар, ұстаздар, арулар көктемдегі күндей құлпырған мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Аналар мерекесінде барлық аналарға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, мереке мерекеге ұлассын»,-деп мерекелік кешті аяқтадық.
«Қадырғали Жалайыр атындағы
№6 орта мектеп» МКМ-нің
педагог-ұйымдастырушы
Етекбаева Гулбахыт Жалгасовна