5 C
Алматы
Среда, 12 марта, 2025

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 39 тұлғаға айыппұл салынды

Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында шаһардағы тазалық мәселесіне аса көңіл бөлінуде. Заңсыз қоқыс үйінділерін жою, ҚР заңнамасы шеңберінде бекітілген ережелерді бұзған тұлғалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу, айыппұл салу шаралары қолға алынған.

Мысалы, 1-8 наурыз аралығында ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 39 хаттама толтырылып, 766 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 92 жеке және заңды тұлғаға 943 680 теңге айыппұл салынды.

Аталған бағыттағы жұмыстар ары қарай да жалғасады.

Қонаев қаласының тұрғындарынан заңнаманы бұзбауларын, тазалық ережелерін сақтауды сұраймыз.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke