5 C
Алматы
Среда, 12 марта, 2025

Қонаевта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кестеге сай, күнделікті сенбіліктер ұйымдастырылуда

Әкімшілік нысандардың, мектептердің, кәсіпкерлік нысандардың төңірегі тазартылуда. Одан бөлек, пәтер иелері кооперативтері аулаларды қоқыстан тазартуда. Жалпы Қонаевта 109 бірыңғай байланыс нөмірі іске қосылған.

Тұрғындардан тазалық бойынша түскен өтінімдер коммуналды қызмет көрсетуші компаниялармен бірден орындалуда. Азаматтардан қоқысты арнайы орындарға тастауларын сұраймыз. Аталғандардан басқа, полиция басқармасы ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 және 505-бабына сәйкес, хаттамалар толтырып, ережені бұзғандарға айыппұл салуда. Бұл шараның барлығы азаматтар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін қолға алынған.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke