1 C
Алматы
Среда, 19 марта, 2025

Алматыда 8 наурыз мерекесіне орай «Арулар – асыл жандар» акциясы өтті

6 наурыз күні Алматы қаласы Жетісу аудандық №2 комьюнити орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар – асыл жандар» атты акция ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында аудан тұрғындарына гүлдер тарту етіліп, нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтіп, олардың еңбегі мен жетістіктеріне құрмет көрсету.

Мерекелік шараға қатысқан қыз-келіншектер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күйде тарасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke