7 C
Алматы
Пятница, 21 марта, 2025

“Ұлттық ойындар: Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен мәдени мұра”атты Наурызнаманың 10 күндігіне орай N76 бөбекжай балабақшасында мерекелік іс-шара өтті


Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғасырлар бойы қалыптасып, өзіндік ерекшеліктерімен дүниеге келген. Қазақтың ұлттық ойындары – осы мәдениеттің ажырамас бөлігі.

Олар тек көңіл көтеру немесе демалу үшін ғана емес, адамның жан-жақты дамуына, тәрбие алуға, денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Ұлттық ойындар арқылы баланың ақыл-ойы, ептілігі, күш-қуаты, сондай-ақ халықтың дәстүрлері мен құндылықтары жайлы түсінік қалыптасады.
Ұлттық ойындар арқылы балалар ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, өздерінің ата-бабаларынан қалған мұраны қадірлеуді үйренеді. Олар халықтың тарихы мен мәдениетін тереңірек түсініп, болашақта оны сақтаушы ретінде қалыптасады.
Қазақтың ұлттық ойындары – тек көңіл көтеру мен дене шынықтыру құралы ғана емес, олар баланың тұлғалық және рухани дамуына үлкен үлес қосатын, халқымыздың мәдени мұрасының бөлігі болып табылады.

Әрбір ұлттық ойынның өзіне тән маңызы мен тәрбиелік мәні бар, бұл ойындар арқылы балалар халқымыздың құндылықтарын меңгеріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен бай мұраны дәріптейді. Сондықтан да ұлттық ойындарды болашақ ұрпаққа үйрету, насихаттау – біздің басты міндетіміз.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke