15 C
Алматы
Четверг, 28 августа, 2025

Құрмет пен ізгілікке толы өмір жолы

Биыл Қонаев қаласының ардақты азаматы, көпбалалы аналардың жанашыры, «Қыз жасауы» INDIRA цехының басшысы, «Қонаев қаласының Құрметті азаматы» орденімен марапатталған Калжанова Жанат Медетовна 55 жасқа толып отыр.

Өмірін отбасына, еңбекке және қоғамға арнаған Жанат Медетовнаның ғұмыры – көпке үлгі. Ол – бақытты әже, ардақты ана. Отбасында 5 перзент тәрбиелеп өсірген: 4 ұл мен 1 қыздың аяулы анасы. Бүгінде үш ұлын ұяға қондырып, 3 келін түсіріп, 7 немеренің сүйікті әжесі атанып отыр.

Қоғамдық қызметі

Жанат Медетовна 2017 жылдан бері көпбалалы аналармен жұмыс істеп келеді. Ал 2019 жылы көпбалалы аналарға көмек көрсету мақсатында «Ана сәулесі» қоғамдық бірлестігі құрылып, 2022 жылдың 13 қаңтарында ресми түрде тіркелді. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – көпбалалы аналардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, психологиялық қолдау көрсету және жұмыспен қамтуға жағдай жасау.

Қоғамдық бірлестік қысқа уақыт ішінде көптеген игі істер атқарды:

  • Әкімдік пен әлеуметтік бөлімнің көмегімен көпбалалы отбасыларға көмір таратылды;
  • Қиын жағдайда қалған аналарға уақытша баспана берілді;
  • Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетілді;
  • Қапшағайға Қонаев есімін беру бастамасын қолдап, аналарды жұмылдырды;
  • Жыл сайын Наурыз мерекесі мен Рамазан айында дәстүрлі шаралар ұйымдастырады;
  • Жазғы демалыста көпбалалы отбасылардың балаларына демалыс орындарына жолдамалар беріледі;
  • Мәслихат депутаттарының қолдауымен «Мамочки» атты клинингтік компания ашылып, аналарға жұмыс берілді;
  • Жыл сайын 1-қазанда қаламыздың қарт аналарын құттықтау дәстүрге айналды;
  • Тігін шеберханасымен бірге көпбалалы аналарға көрпе, баланың көрпесін сыйға тарту жолға қойылған;
  • «Мектепке жол» акциясы да назардан тыс қалған емес;
  • Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде 1 млн теңгелік грант ұтып алып, «Дәмді тұшпара» цехы ашылды;
  • 200-400 баланы Жаңа жыл мерекесінде қуанышқа бөлеу дәстүрге айналған.

Жанат Медетовнаның қажырлы еңбегі, аналарға көрсеткен қамқорлығы мен адалдығы ел тарапынан жоғары бағаланып, ол Қонаев қаласының Құрметті азаматы атанды.

55 жасқа келген мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, отбасының амандығын, денсаулық пен бақ-береке тілейміз!

Ізгі тілекпен: Майсалимова Ақтолқын және “Ана сәулесі” ұжымы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke