Тарихың сонау алыс жылдарда басталған,
Дарындар шыққан, тұлғалар шыққан жастардан.
Ұлтына қызмет еткен Универ атағын,
Ұлттық деп алған көрініп биік асқардан.
Тұлғалар берген аттары дара дәрісін,
Әрбір биікке шыққан студент табысың.
Қара шаңырақ атанған елдің ішінде,
Тарихың терең, беделің анық, нар ісің.
Аты да дара, заты да дара қаншама,
Шықты таланттар өзіңнен елге жар сала.
Оқыған елге білімді жандар арқылы,
Көмегің тиді Ұлттық Универ баршаға.
Қазақтың мақтан ететін алып тұлғасын,
Әл-Фарабидің атын сен алып тұрғасын.
Қоржының толы, жеткен биігің бар анық,
Еліңе мақтан, әрқашан алып шыңдасың.
Құрылған білім ордасы тоқсан жыл бұрын,
Ұлттық Универ еткен көп еңбек тірлігің.
Жетістіктерге белестен аттап жете бер,
Құтты болсыншы кеп жеткен тоқсан жылдығың.
ҚазҰУ 2-курс магистранты Турарбек Мадияр
заң ғылымдарының кандидаты Атаханова Гульзагира Махатовна
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д.