-1.1 C
Алматы
Среда, 28 января, 2026

Бұл – тұрақтылықтың, құқықтық сабақтастықтың және ұлттық мүдделерді қорғаудың маңызды белгісі

Елімізде басты құжат Ата Заңға енгізілген өзгерістердің жиынтық жобасы таныстырылды. Түзетулер Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтып отыр. Реформа ел азаматтарынан түскен мәселелер негізінде әзірленіпті.

Қазақстанның унитарлығы мен аумақтық тұтастығы мәселесі бойынша Конституциялық комиссия байыпты әрі болашақты ескерген стратегиялық тұрғыдан дұрыс ұстанымды ұстады.

Бір жағынан, мемлекеттің унитарлық сипаты, оның тұтастығы, аумағының қол сұғылмаушылығы мен ажыратылмайтыны өзгермейтін конституциялық қағидаттар екені нақты әрі екіұштысыз расталды. Бұл – тұрақтылықтың, құқықтық сабақтастықтың және ұлттық мүдделерді қорғаудың маңызды белгісі.

Екінші жағынан, қаржы саласындағы арнайы құқықтық режимдер мен «жедел дамитын қалалар» тетігін ұсыну – экономикалық өсуді қамтамасыз ететін заманауи әрі прагматикалық құрал.

АХҚО мен Алатау қаласын дамытуға бағытталған шешімдер мемлекеттік құрылымның іргелі негіздеріне нұқсан келтірмей, инвестициялар тартуға, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыруға кең мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, барлық бастамалар Конституция мен конституциялық заңдардың қатаң шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Бұл құқықтық тәуекелдердің алдын алып, нормаларды екіұшты түсіндіруге жол бермейді.

Мақсат Құлтайұлы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke