-4.1 C
Алматы
Вторник, 24 февраля, 2026
spot_imgspot_img
spot_img

Коалиция мүшелері «Бағашар мекен» ЖШС ұжымымен кездесті

Қонаев қаласында коалиция мүшелері «Бағашар мекен» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілмек өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуде сөз алған спикерлер конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістердің елдің саяси жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді оңтайлы бөлу, қоғамның шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері де сөз болды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен кездесуде референдумның маңыздылығы, әр азаматтың ел болашағына қатысты тарихи шешімге қатысу жауапкершілігі кеңінен айтылды.
Жиын қорытындысында коалиция мүшелері ұжым қызметкерлерін алдағы республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырып, бұл – мемлекет дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам екенін жеткізді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke