-4.1 C
Алматы
Вторник, 24 февраля, 2026
spot_imgspot_img
spot_img

Коалиция мүшелері Қонаевтағы кәсіпорын ұжымымен кездесті

Қонаев қаласындағы «ПолимерМеталл-Т» ЖШС ұжымымен коалиция мүшелерінің кездесуі өтті. Жиын барысында 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуде сөз алған спикерлер алдағы саяси науқан ел дамуының жаңа кезеңімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Олардың айтуынша, референдум – әр азаматтың мемлекет болашағына тікелей ықпал етуіне мүмкіндік беретін маңызды қадам. Сондықтан қоғамның белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі ерекше мәнге ие.

Кездесу соңында қатысушылар 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырылды. Ұлттық коалиция мүшелері мұндай түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke